Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Халық біріксе бейбіт атомның арқасында бейбіт жолмен билікті халық өз қолына ала алады» - Ахметбек Нұрсила

14:21, 03 қазан 2024 800

Кәсіпкер, қоғам белсендісі Ахметбек Нұрсила АЭС жөнінде пікір білдіріп, халықты референдумға белсенді қатысуға шақырды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы жазады.

«Мен АЭС салынуын түбінде қолдаймын, бірақ…Барлық дамыған елдер салып тастаған, салып жатқан, көмірге қарағанда таза әрі тиімді жолмен электр қуатын беретін АЭС түбі керек, бірақ дәл қазір емес!  Осы жолы ел екенімізді, халық екенімізді  көрсететін, егемендігімізді сақтап қалатын соңғы мүмкіндік деп ұқсақ болады.  Назарбаевтың бір отбасының ғасырлар бойы бабалардың қанымен келген жеріміздің байлығын 30 жыл бойы тонатып қойып қарап отырдық.  Халықтың Ресейге бодан болған  300 жылда қанына сіңген үрей, «менің қолымда ештеме тұрған жоқ» деген енжарық, сорлылықтан  құтылмайынша біз егеменді ел болып қала алмаймыз. Қазір ОЯНАТЫН кез келді!  Қазір бейбіт жолмен ақ Егемендігімізді сақтап қалуға болады, оған осыны оқып отырған СІЗДІҢ 6 шы қазан күні 2 ақ қарапайым шешіміңіз керек:

Өз участкеңізге барып бақылаушы болыңыз!

Міндетті түрде барып дауыс беріңіз!

Халық біріксе бейбіт атомның арқасында  бейбіт жолмен билікті халық өз қолына ала алады. Сол кезде ғана Назарбаев дәуірінен қалған жемқорлық жойылады, билік халықтың айтқанымен ғана жүріп, халықпен санасады! Осы билікті қолымызға ала аламыз ба, болашақ ұрпаққа егемендігімізді қолдан қолға өткізе аламызба, жоқ па 6-шы қазан күні шешілмек!  КЕЛЕР ҰРПАҚТАН ҚАРҒЫС ЕМЕС, АЛҒЫС АЛУ ҮШІН 1 КҮНІҢДІ ҚИ ҚАЗАҚ!  Оян қазақ! Осы посты оқып «Ееее жарайды, менің қолымнан не келеді» деп қоя салсаң сен болашақ ұрпағыңның алдында жасаған ең үлкен қылмысың болмақ! Сен 10 cағат уақытыңды бөліп бақылаушы болғаның , 5-10  минут уақытыңды қиып барып дауыс бергенің ұрпағыңды бодандықтан құтқаруға жасаған ҮЛКЕН ЕРЛІГІҢ деп қабылда! Осы постты барынша тарат!  Қой болып өмір сүргеніміз жетеді, бабаңнан қалған қасқыр рухтың оянатын кезі келді!»,- деп жазды кәсіпкер өзінің Facebook парақшасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар