Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Халықаралық іздеуде болған тағы бір қазақстандық ұсталды

13:06, 30 қыркүйек 2024 350

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі құралдарын сақтағаны және тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Грузиядан Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Alash.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеп. 

2023 жылдың маусым айында жол полициясы қызметкерлері Астана қаласында жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында күдікті басқарған автокөлікті тоқтатып, оның салонында жалпы салмағы 18,96 грамм болатын 15 "мефедрон" байламдары табылған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қоғамнан оқшаулануға байланысты емес бұлтартпау шарасының таңдалғанын пайдаланып, қаскүнем тергеуден жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

Қазіргі уақытта ол Қазақстанға экстрадицияланып, Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысы үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?