Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Іш киімін иіскеңіз: Шенеуніктерге кеңес беруші бақсы әйел адамдарға кеңес айтты

16:51, 18 қазан 2024 1302
Бақсы күйеуінің іш киімін иіскеген әйел оған өзінің энергиясын беретінін айтады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Kyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде «күйеуіңіз көп ақша тапсын десеңіз, іш киімін иіскеңіз» деген Руслан есімді бақсы көпшіліктің ашуын тудырды.

Оның айтуынша, ер адамның көп ақша табуы үшін әйелі оның іш киімін иіскеп тұруы керек.

«Егер күйеуіңіз көп ақша тапсын десеңіз, оның іш киімін жумай тұрып, жақсылап иіскеп алыңыз. Оған өзіңіздің энергияңызды беріңіз. Содан кейін жуып, үтіктеңіз. Осыдан кейін сіздің күйеуіңіз өте көп ақша табатын болады. Сол кезде иерархия сақталады», - дейді бақсы.

Видеоның астына желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. Олар «Ақшасыз жүргенім жақсырақ», «Байларымыз көрмесін, күлкіден өліп жатырмын», «Енді қалмағаны сол еді» деп жазды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар