Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Іші өтіп, денесі құрысып...". Түрмедегі Жыланбаевтың қазіргі жағдайы қалай?

10:32, 02 наурыз 2024 332

Тіркелмеген оппозициялық "Алға, Қазақстан!" партиясының көшбасшысы Марат Жыланбаевтың түрмедегі хәлі қалай? Жеті жылға сотталған Жыланбаевтың адвокаты Мейіржан Досқараев кеше, яғни 1-наурызда Степногорск қаласының №4 түзету мекемесіне барып, оның жағдайын біліп қайтты деп хабарлайды alash.kz.

Бұған дейін Жыланбаев Астана қаласындағы тергеу изоляторында жатқан, 26 қаңтарда оны Степногорск қаласының №4 түзету мекемесіне ауыстырды.

Ақпарат құралдарында жазылғандай, Марат Жыланбаев үкімнің күші жойылғанға дейін ұзақмерзімдік аштық жариялап, кейін денсаулығы сыр беріп, аштықты тоқтатқан болатын. Іші өтіп, денесі құрысып, 12 қаңтарда аштықты тоқтатты.

“Марат Жыланбаевтың денсаулығы жақсарып келеді, іші өтуі тоқтаған. Тамақ, санитарлық мәселелерге қатысты шағымдары болған. Ішінара шешіліп жатыр. Толыққанды шешілуіне күш саламыз. Ол туған-туыстарына, қолдаушыларына сәлем айтуда”, – деді адвокаты.

Марат Жыланбаев былтыр қарашада жеті жылға сотталды. Белсендіге “тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты” және “терроризмді қаржыландырды” деген айыптар тағылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар