Вице-министрдің айтуынша, қазір бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, оқиғаның куәгерлері анықталуда.
"Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына келдім. Оқиға орнына менімен бірге ішкі істер министрлігінің қызметкерлері келді. Жедел-тергеу тобы құрылды. Бейнебақылау камераларының жазбалары тексерілуде. Оқиғаның куәгерлері анықталып жатыр. Күдікті тұлғалар анықталып, заң жүзінде жауапқа тартылады. Қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауында", — деді Бауыржан Әленов.