Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елордада Алматы ауданының әкімдігі қауіпсіздік шараларына байланысты жиналыс өткізді

19:09, 12 қазан 2024 334

11 қазан күні Елордада «Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында» «Алматы» ауданы әкімінің аппараты «Smart Astana» бағдарламасымен бірлескен маңызды жиналыс болып өтті. Жиналыс есірткіні насихаттау фактілері бойынша азаматтардан келіп түскен хабарламалардың өсуіне байланысты шұғыл өткізілген. Аталған шараға Астана қаласы Полиция департаментінің өкілдері қатысып, жоспарлары мен маңызды міндеттерді талқылады.

Жиналыстың негізгі мақсаты – азаматтардан түскен өтініштерді жедел қарау және тиімді әрекет ету үшін арнайы мобильді қосымшаны жаңғырту мәселесін талқылау болды. Бұл шараның аясында ЖБО бейнебақылау операторларын тартып, жазбаларды зерделеп, оқиға орнына автопатрульдер немесе мобильді топтарды жедел жіберу мәселелері қаралды. Сонымен қатар, тұрғын үйлерді басқару компаниялары (ПИК/МИБ), «Астана Тазалық» ЖШС, және коммуналдық қызметтермен бірлесе жұмыс істеу жоспарлары талқыланды.

Шараға қатысушылардың арасында Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл Басқармасы бөлімінің бастығы полиция полковнигі Сергей Сергеевич Ильинов және Елорданың тұрақты даму орталығы директорының орынбасары Виталий Васильевич Пустовойтенко болып, елорданың қауіпсіздігін арттыру жолындағы маңызды қадамдарды талқылады. Сондай-ақ жиналысқа «Алматы» ауданының ПИК/МИБ және қызмет көрсету ұйымдары белсенді қатысып, есірткімен күрес және қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?