Исландия 4 күндік жұмыс аптасына көшіп жатыр. Елдегі қызметкерлердің 51%-ы қазірдің өзінде осы жаңа кесте бойынша толық жалақысын сақтап жұмыс істеу үстінде, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Зерттеулердің көрсетуінше, қысқартылған жұмыс аптасы стресс пен шаршауды азайтып, денсаулықты жақсартуға және өнімділікті арттыруға септігін тигізген.
Нәтижесінде, елдің экономикасы Еуропаның көп мемлекеттеріне қарағанда қарқынды өсіп, жұмыссыздық деңгейі ең төменгі көрсеткішке жеткен. Исландияның бұл тәжірибесі еңбек нарығын тиімді басқарудың жаңа үлгісіне айналып отыр.