Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ыстанбұлда кенеттен алып ғимарат опырылып, тұрғындарды басып қалды

14:26, 02 маусым 2024 2281
2024 жыл, 2 маусымында Ыстамбұлдың Карталтепе ауданында төртқабатты ғимарат опырылып, үйінді астында адамдар қалып қойды. Жеті адам құтқарылды, тағы екеуінің әлі табылмай жатқаны айтылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Ыстамбұлдың Карталтепе ауданындағы Беледие көшесінде орналасқан төртқабатты ғимарат жергілікті уақыт бойынша сағат 08:45 шамасында (Астана бойынша 10:54) құлады, деп хабарлады NTV түрік телеарнасы. Ғимараттың қирау себебі белгісіз.

Ғимараттың қирау сәті сыртқы бақылау бейнекамераларына түсіп қалған. 

Ыстамбұл қаласының әкімі Давут Гүл 1988 жылы салынған ғимараттың қирап, үйінді астынан жеті адамның алынғанын, әлі екі адам табылмай жатқанын мәлімдеді.

"Оқиға орнына шұғыл жеткен бригадалар үйінділерді аршу жұмыстарын жалғастыруда. Апат болған жерге жылдам жету үшін көшелерде қауіпсіздік жолақтары құрылды. Полиция да аймақтағы қауіпсіздік шараларын қабылдады", делінген телеарна сюжетінде.
Ғимараттың опырылу себебі белгісіз. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар