Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Істі жапқызып тастады". Салтанаттың өліміне дейін Бишімбаевтың бала қағып өлтіргені жайлы айтылды

11:45, 22 мамыр 2024 730

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шығып, 24 жылға сотталғанын білеміз. Қасындағының көрсеткен қатыгездігінен қаза тапқан Салтанат Нүкебаеваның ағасы ағасы бұрынғы министр, Бишімбаевтың бала қағып өлтіргені туралы баяндады. Ол бұл туралы тележүргізуші Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық  Timur Balymbetov сұхбатына сілтеме жасап.

Журналист Тимур Балымбетов Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіден сот барысында айтылған ақпараттарды, анасының "Бишімбаев бала өлтірген" деген сөздеріне қатысты түсіндірмені сұрады.

"Жаяу жүргіншілер жолында бала қағып кеткен. Біз 8-9 қараша күндері Салтанаттың өліміне қатысты куәгерлерді іздеп, халықтан көмек сұрадық. Осы кезде бізге бұған дейін болған ескі оқиғалар туралы да айтқан кісілер болды. Солардың ішінде бір әйел болды, онымен біз бетпе-бет кездестік, сол жерде айтты. Қателеспесем қараша айында еді, көзілдірік таққан, шарфқа оранған әйел болды", – дейді Айтбек Амангелді.

Марқұмның ағасының айтуынша, осы кездесуден кейін ол әйелді таппай қалған. Әйелдің өзін таныстырған кездегі есімінің де жалған болуы мүмкін екенін айтады. 

"Мен алғашында бұл ақпаратқа сыни көзбен қарадым. Бірақ ол өте көп ақпаратпен бөлісті және оның берген ақпараттары ресми деректермен сәйкес келіп отырды. Барлығын нақты деректермен аты-жөндерін, туған жылдарын берді. Ол сол кезде қылмысты өз мойнына алған екінші адамның аты-жөнін берді. Ресми деректерге сүйенсек, сол адам 3 ай уақытша тергеу изоляторында отырған. Сосын тараптардың татуласуымен іс жабылып кеткен", – дейді марқұмның ағасы. 

Айтбек кездескен әйелдің мәліметінше, аталмыш жол апатында рөлде Бишімбаев отырған және мас күйінде болған екен. Алайда жаныдағы екінші адам кінәні өз мойнына алған. 

"Осы оқиғадан кейін қылмысты мойнына алған адамның әкесінің кәсібі үлкейе түскен, ал өзі тергеу изоляторынан шыққан соң әскерге барып келген. Әскерден кейін ол да Байтерек компаниясы секілді жерлерде лауазымды қызметтер атқарған. Ал Бишімбаевтың өзі осы оқиғадан кейін Америкаға оқуға кетіп қалған", – дейді Айтбек Амангелді. 

Айтбек Амангелді осы ақпараттарды бөліскен әйелдің бұрын Бишімбаевтың отбасында жұмыс істеген болуы мүмкін екенін айтады. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар