Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жабайы жұрт: Ақтауда үш жігіт қызды ұрып-соғып алып қашқан (ВИДЕО)

13:44, 28 маусым 2024 598

12 сәуір күні шамамен 23.00-де Ақтауда қыз алып қашу операциясы орын алған болатын. Іс аяғына дейін жетпей жабылып қалған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Қыз қарсыласып жерге құлап түскен, бірақ олар оны жерден сүйреп, күштеп көлікке отырғызып алып кетті.

Батыр қыз бағдаршамда көліктің есігін ашып қылмыскерлерден қашып кетті.

НеМолЧи.кз қоры:

“Осы үш адамның біреуінің де ойына келмеді ме екен: қыз айқайлап, жылап, қан-қан болып, барлық жері көгеріп тұр. Олар тоқтап кешірім сұрап, оны үйіне қайтаруы керек пе еді? Жоқ, ол шынымен де олардан қашып кетті! Қызға көліктің бағдаршамда тұрғаны көмек болды.

Бұл ұрлық неге әкелер еді: бостандығынан айыру, зорлау, ұрып-соғу ма?

“Мен бейтаныс адаммен бас қосқанша, өлгенім артық”,- деді жәбірленуші қыз.

Қыз сот-медициналық сараптамадан өтті. Қорытындыда кеудесінде жарақат, аяқ-қолдарында көгерулер анықталған.

Сондай-ақ, оны күштеп көлікке отырғызып жатқан кезде айқайлағаны анық көрінетін видео бар.

Дина Таңсәрінің айтуынша, іс 15 сәуірде жабылған. Қылмыс құрамы жоқ деген себеппен іс екі рет аяғына дейін жетпеген. Жәбірленген қыз адвокат жалдағанын айтты.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар