Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жамбылда тағы бір сарбаз жансақтау бөліміне түсті: Жағдайы өте ауыр

19:21, 14 маусым 2024 500

Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. 

Ведомство мәліметінше, сарбаз өзін әлсіз сезініп, қызуы көтерілгені туралы шағымданған.

Кейін оған пневмония диагнозы қойылып, Қордай аудандық орталық ауруханасына ауыстырылған.

Қазіргі жағдайы ауыр. 

Министрлік ол ауруханаға түскен кезде денесінен көгерген із табылған жоқ деп отыр.

Айта кетері, әлеуметтік желіде сарбаздың туған-туыстары оның соққы алғанын айтқан болатын.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар