Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жаңа сайлау жүйесі: Әр ауыл тұрғыны өз әкімін өз дауысы арқылы таңдауға мүмкіндік алды

10:00, 20 қазан 2024 88

Қазақстанның саяси өміріндегі маңызды қадамдардың бірі 2021 жылғы 25 мамырда басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістер ауыл әкімдерін тікелей сайлау құқығын берді. Әр ауыл тұрғыны өз әкімін өз дауысы арқылы таңдауға мүмкіндік алды, бұл халықтың саяси белсенділігін арттырып, жергілікті басқарудың тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам еді. Ауыл тұрғындары тікелей сайлау принципі арқылы нақты нәтижелерді көре бастады. Бұл саяси қадам елдегі саяси процестің демократиялы көрсеткіші болып табылды.

Халық үніне құлақ асатын мемлекет

Сайлау жүйесіне қатысты тың реформалар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»тұжырымдамасын нығайтуда маңызды рөл атқарады. Халықпен тығыз байланыс орнату, азаматтардың пікірлерін ескеріп, жергілікті мәселелерді шешуде белсенділік таныту, тұрғындармен кері байланысты ұйымдастыру мақсатында көтерілген реформалар оң нәтижесін беріп келеді.

2023 жылы алғаш рет пилоттық түрде 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау процесі орын алды. Бұл еліміздің демократиялық үдерістерін жаңа деңгейге қадам басқанын және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылады.

2024 жылғы Президент жолдауындағы мақсаттар

2024 жылы Мемлекет басшысы өз жолдауында: «2025 жылдан бастап барлық аудан мен қала әкімдері тікелей сайланатын болады, бұл халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадам», - деп атап өтті.

Бұл шара азаматтарға өз болашағын айқындау үшін саяси оқиғаларға белсенді қатысуға мүмкіндік беріп, еліміздің дамуына үлесін қосуға жол ашады.

Қорытындылай келе Қазақстанның демократиялық даму жолындағы жаңа өзгерістер халықтың саяси мәдениетін нығайтып, жергілікті басқарудың тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

Саясаттану кафедрасының оқытушысы, постдокторант

М.Болысбек
(№АР15473291)

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?