Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жарамды жазу үшін жылтырақ киіп, қатты күлдім. Бәрін қайтадан бастау керек: Ерке Есмахан өмірдегі өкінішін жеткізді

15:34, 26 қараша 2024 481

 

Әнші Ерке Есмахан өз өмірі туралы жан тебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол өзінің қандай қиын жолдардан өткенін жазып, оқырмандарын ойландырып қойды.

Мысалы мен сіздер үшін үлгімін. Мен бірден Ерке Есмахан болмадым. Ешбірі оңай келген жоқ, ауылда қарапайым отбасыда өсіп шықтым. Алла берген талантпен, ата-анамның қолдауымен, біліммен үлкен сахнаға шықтым. Бұл менің карьерам.

Ал жеке өмірім әр түрлі сынақтардан өтті. Ажырасқан қыз, жалғызбасты ана атағына ие болдым. Ақшаны жақсы тапсам да, ертеңгі күніме сенімсіз едім. Тек “Муслимнің” анасы боп қаламын ба, тағы бөпелі боламын ба, күйеуге шығамын ба! Өмірлік жолдас кездесе ме? деп өзімді жеп жүрдім. Ішкі жарамды жасыру үшін жылтырақ киіп, қаттырақ күліп, жалғыз қалудан қорқып, адам көп жерде жүруге әлек болдым.

Сол кезде бәрін қайтадан бастауым керек еді, менің қолымнан келеді. Арманымдағы өмірге қол жеткіземін дедім. Сенімім ақталды. Шүкір”,- деді Ерке Есмахан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар