Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жауапкершілік арқалауға дайынмын". Бишімбаев сотта соңғы сөзін сөйледі

10:32, 06 мамыр 2024 700

Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі бүгін жалғасты. 2024 жылдың 6 мамырындағы сот отырысында сотталушы Бишімбаев соттағы соңғы сөзін айтты. 

Бишімбаев соттағы соңғы сөзінде де Салтанат Нүкенованың өліміне өзінің кінәлі екенін, бірақ қасақана кісі өлтіру әрекетіне бармағанын айтты.

Менің ата-анам, туыстарымның ешқандай кінәсі жоқ. Бұған тек мен кінәлімін. (...) Мені ұстаған сәттен бастап тек шындықты айттым. Мүмкіндігім болса да, жауапкершіліктен қашуға тырыспадым. Аса қатыгездікпен жасалған қасақана кісі өлтіру айыбын мені ұстағаннан кейін бірнеше күн өткен соң тақты. Мұны растайтын ешқандай дәлелдің, сараптаманың болмауына қарамастан осындай айып тақты, – деді Бишімбаев.

Менің бұрын кім болғаным, қандай қызмет атқарғаным маңызды емес. Жауапкершілік арқалауға дайынмын.

Бишімбаев тек алқабилер сотына үміт артатынын айтты.

«Өздеріңізден сотқа тартылған экс-министр Бишімбаев болмаса, басқа қарапайым азамат болса, әлеуметтік желіде осынша жалған ақпарат пен қаралау болар ма еді деп сұрасаңыздар. Басқа адам нақты дәлелдің болмауына қарамастан, осындай ауыр қылмысты жасады деп айыпталар ма еді?», - дейді Бишімбаев.

Үкім тағы да кейінге шегерілді, енді үкім 10 мамырда шығатын болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар