Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жауапқа тарта алмай жатамыз": Оң жақ рөлді такси көліктеріне жұмыс істеуге болмайды

10:01, 24 қазан 2024 275

Алайда мұндай талапты бұзатын жүргізушілерді жазаға тарту қиын, деп жазады Alash.KZ.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха көлік министрінің арнайы бұйрығы бар екенін еске салды.

Яғни, рөлі оң жақта орналасқан көліктермен жолаушыларды тасымалдауға болмайды.

Алайда көп жағдайда оларды жауапқа тарта алмайды.

«Оларды полиция тоқтатқанда салондағы адамдар туыстарым немесе достарым дей салады, «тойға бара жатыр» дейді. Ол адамдар да үндемей отырады. Біз ондай көліктердің адам тасымалдаумен айналысып жүргенін білеміз, бірақ жауапқа тарта алмай жатамыз», - дейді Лепеха.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?