Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жәутең қаққан жетім ғұмыр". Шымкенттік емші асырап алған егіз балалар елордаға қайтарылды

18:38, 13 маусым 2024 903

Шымкентте асырап алған балаларына жауыздық танытып, ит пен мысықтың етін жегізді деген емшінің қарауында болған егіз балалар елордаға қайтарылады. Естеріңізде болса, журналист Гүлмира Әбіқай "асыранды балаларына ит-мысықтың етін жегізіп, аттың ауыздығымен асырандыларды төпелеп ұрғаны, үйінде құл мен күн ретінде ұстағаны" хабарланған емшіге қатысты жаңа дерек бөліскен еді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Шымкенттің тұрғыны, ел арасында емші атанған азаматтың қамқорлығына алған 6 бала аялы алақаны бар жандардың қолына тапсырылған еді. Балалардың арасында егіздер де бар. Егіз ұл мен қыз 2021 жылдың 26 мамырда елордада дүниеге келген. Емші оларды үш айлық кездерінде бауырына басып, асырап алған.

Бұған дейін арнайы комиссия акт толтырып, «өгей әкесінің тарапынан жауыздық көрді делінген» балаларды 13 ақпан күні бұл отбасынан алып кеткен. Қазір екеуі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында, қалған төртеуі бөбектер үйінде жүр. 

Естеріңізге сала кетейік, біз бұдан бұрын да Шымкенттегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннета Жазықбаева, полиция мен қалалық білім басқармасының қорғаншылық бөлімінің қызметкерлері Ұлықбек Сманов пен оның жұбайы Индираның үйіне барған соң жантүршігерлік деректер пайда болғанын жазғанбыз. 

Белгілі болғандай, осы жылдар бойы бұл отбасындағы балалар ұл емес, күң болған.

Балалар үйіне 2017 жылы 9 жасында келген Алеша есімді ұл балалар үйіне қайта оралғысы келетінін айтқан. Ол бұл өтінішті тәрбиешісіне бірнеше рет қайталаған. Себебі, қамқоршылық органың оның бұл өтінішін ұмытып кете ме деп алаңдаған. Сондай-ақ ол анасымен кездесуді армандайды екен.

"Әкем анамды ұрды, содан кейін олар ажырасып кетті. Біз әжеммен бірге тұрдық. Анамның ақшасы жоқ, аяғы мен қолы сынған. Мен мектепке барғанда анам екеуміз басқа адамның үйінде тұрдық, ол мені ешқашан ренжітпеген", - деп еске алады Алеша. 

Бала оқыған мектептің ұстаздары оны неліктен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, содан кейін балалар үйіне тапсырғаны және анасын ата-ана құқығынан айыруға нақты не себеп болғанын айтпады.

"Біз кезек-кезек кірдік. Ол бәріне қарап, өзіне кім сәйкес келетінін таңдады. Ол мені таңдайтынын айтты. Егер мен оның ұлы болуға келіссем, анамды табуға көмектесетінін, сөйлесіп, кездесіп тұратынымызды айтты. Ол мені алдады", - деп еске алады бала асырап алу сәті туралы. 

Алешаның айтуынша, ол  бірінші рет балалар үйінде қалған достарын шақырғаны үшін соққыға жығылған. Кейін әкесі де, шешесі де оны үнемі соққы жыққан. Бала малшы болған. Ол үш жыл бойы отбасының малын бағып, қорасын жинап, сабақ үстінде көзіліп алатын болған. Алайда сол кездегі Алексей оқитын №95 мектептің ұстаздары тынымсыз еңбектен қажыған баланың жағдайына немқұрайлы қараған. Оқушы бетіндегі көгерген іздер мен сызаттардың қайдан пайда болғанын сынып жетекшісіне айтқанымен, мұғалім дабыл қақпаған. Шамасы, мұндай мұғалімдер үшін ұрып-соғу қалыпты нәрсе болса керек. 

Үлкен ұлдарынан кейін Смановтар бір қыз, кейін егіз бала мен тағы екі ұлды асырап алған. Балаларды Алматы, Астана және Өскеменнен алып кеткен. Ең кішілері үш-төрт жаста. Балалардың құқықтарын қорғау міндеті жүктелген шенеуніктерді неліктен ерлі-зайыптыларға көп бала асырап алғаны, оларды қалай тәрбиелейтіні және олардың емдеуімен оңалтуымен қалай айналысатыны қызықтырмаған.

"Мен оларды аядым, олар кішкентай еді. Бізге тамақ берген кезде мен оларды да тамақтандырдым. Біз иттің етін жедік. Кейде мал өлген кезде бізге жеуге беретін. Бәріміз бір бөлмеде еденде жаттық. Суық болды, әрі қарнымыз аш болды. Тамақ жегіміз келетін. Түнде оятатын, сосын малдың соңынан кететінмін", - дейді үлкені інілері мен қарындасы туралы. - 

Алеша 16 жасқа толған туған күнін Шымкенттегі кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығында, небәрі бес жастағы інісімен бірге қарсы алған. Жігіт әлі жеке куәлігін алған жоқ, өйткені ол асырап алған әкесі қойған есімін өзгертуі керек. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар