Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жайық деңгейі 34 сантиметрге көтеріліп, қатерлі межеге жақындады

14:45, 20 сәуір 2024 831

Орал қаласының іргесінден ағатын Жайық өзенінің деңгейі 34 сантиметрге көтеріліп, қатерлі шекке жақындады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Орал қаласының іргесіндегі Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 34 сантиметрге көтерілді.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 20 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша қаладағы гидробекетте су деңгейі 828 сантиметрге жетіп, қауіпті шекке (850 см) таяп қалды, - деп жазды KAZINFORM.

Бәйтерек ауданы Январцев ауылында 899 (+15, қауіпті шегі – 1 250 см), Көшімде 804 (+16, 850 см), Тайпақта 504 (+9) сантиметрді көрсетті.

Сонымен қатар Жайыққа құятын Шаған өзенінің деңгейі Бәйтерек ауданы Чувашин ауылы тұсында 16 сантиметрге жоғарылаған (713 см, қауіпті шегі – 1 300 см).

Орал қаласы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда өзен аңғарында орналасқан саяжайлардан тұрғындарды көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. 

Төтенше жағдайлар синистрлігінің хабарлауынша, Қызылорда облысы ТЖД жиынтық тобы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының 1 және 2-саяжай ауданында су басқан саяжай үйлерінен мүліктерді шығару, инертті материалдар толтырылған қаптар төсеу және жағалауды нығайту бойынша жұмыстар жүргізуде. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар