Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Желіде Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы ақпарат тарады

01:31, 11 қараша 2024 650

ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев қашып кетті деген әлеуметтік желідегі ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Әлеуметтік желіде сотталып жазасын өтеп жатқан Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кетті деген ақпарат тарауда. Бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеп жатыр, - делінген хабарламада.

Қылмыстық тергеу комитеті қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Бұл жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз, - делінген ведомствоның жауабында.

Естеріңізге сала кетейік, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Сот бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты әйелін азаптап, өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айыпталушы жазасын Астананың іргесіндегі Аршалыдағы түрмеде өтеп жатыр. Ал Байжанов қылмыстық атқару жүйесі қауіпсіздігі орташа мекеге жолданған болатын.

По какой статье будут обвинять брата Бишимбаева

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар