Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жетісу" футбол клубының спорт директоры сотталды

09:53, 16 тамыз 2024 257

Талдықорған қалалық соты "Жетісу" футбол клубының спорт директоры Д.М. Иманқұловқа қатысты үкім шығарды. Оған 3 жыл, 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Ол футболшының еңбек шартына бонус беру сылтауымен 5,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар