Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жетісу облысында із-түссіз жоғалып кеткен жігіт отбасымен қауышты

16:05, 20 маусым 2024 410

Полицейлер із-түссіз жоғалған жігітті тапты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Polisia.kz. 

9 сәуірде 20 жастағы жігіттің жақындары Ескелді ауданының полициясына ұлының жоғалып кеткені жайлы арызданды.

«18 маусымда жоғалған жас жігіттің орналасқан жері анықталды, ол Алматы қаласында болған. Полицейлердің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жоғалған жігіт аман-сау ата-анасына тапсырылды», – деп атап өтті Ескелді АПБ бастығының орынбасары Исатай Қаинбаев.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар