Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жоғары балл жинаған 10 мыңнан астам адам грант ала алмады - Саясат Нұрбек

10:47, 06 тамыз 2024 525
Білім гранттары туралы қоғамда сыни әңгімелер айтылып жатыр. 110 баллдан жоғары ұпай жинаған түлектер оқуға түсе алмай қалған деп хабарлайды Alash.KZ.
Оның себебін министрлік биылғы су тасқынымен байланыстырып отыр. Яғни гранттардың көбі апатты аймақтарда оқу бітірген түлектерге арналған. 
Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те мәлімдеді.  
 
Соңғы уақытта елімізде орын алған су тасқыны бүкіл елге ортақ сынақ болды. Осы жағдайға байланысты, біз жоғары білім алуға гранттардың аз ғана бөлігін зардап шеккен өңір түлектеріне бөлдік. Саны көп те емес, 5112 грант. 20 мыңнан астам түлек су басқан өңірден бітірсе, соның 10 мыңнан астам түлегі өздеріңізбен бірдей жалпы конкурспен өтті. Біз оны әділ және ашық түрде бөлуге бар күш-жігерімізді салдық. Кешегі ата-аналар мен балалардың қуаныш жасын көріп, біз де бірге қуандық. Бірақ, өкінішке қарай, грант ала алмаған түлектер мен отбасылардың мұңында да біз біргеміз. Көптеген адам министрлікке, маған хабарласып, жазып жатыр, ал осы нәтижені сабырмен қабылдағандар да бар екен.Айтайын дегенім, үміт үзбеңіздер! Грант алу мүмкіндіктері әлі де бар, деп жазды министр.
Ескерте кетейік, биылғы конкурсқа қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 11 мыңға көп, сондықтан бәсекелестік те өте жоғары болды.
 
Су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін квота қарастырылғанымен, сол аймақтардың талапкерлері жалпы конкурс бойынша грант ұтып алды. Грант алғандардың тек 1130-ы немесе 1,7%-ы мүмкіндікті пайдаланды. Бұл аймақтарды қолдау үшін талапкерлерге дайындалу және конкурсқа құжаттарын тапсыру үшін мерзімі кеңейтілді, және конкурсқа ең жақсы ҰБТ нәтижесі бар сертификатын ұсыну мүмкіндігі берілді.
Жоғары балл жинаған 10 мыңнан астам адам грант ала алмады, оның ішінде 7 мыңнан астамы шығармашылық мамандықтар бойынша екенін айту қажет.
Министрдің айтуынша, дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау бойынша 1 орынға 11 адам, сән және дизайн бойынша 9 адам, ал стоматологияға 1 орынға 35 адамнан келген.
Саясат Нұрбек түлектердің грант алу мүмкіндіктері әлі де бар екенін ескертіп отыр.
 
3 мыңға дейін талапкер гранттан бас тартуы мүмкін, олар келесі жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі.
Жергілікті атқарушы органдардың яғни әкімдік гранттары бар. 
KazEnergy қауымдастығының гранттарын қосыңыз.
Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де білім алу үшін Түркия Республикасының 500 гранты.
Жұмыс берушілердің гранттары.
Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынады.
Қазақстан халқына қоры 850 грант бөледі.
Ректорладың гранты, мысалы Тұран-Астана университеті Алтын белгі иегерлеріне гранттар бөлуде.
Сессия қорытындысы бойынша бос грант алу мүмкіндігі және бар, деп жазды министр.
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар