Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жолымыз екіге бөлінді: Мақпал Исабекова не үшін Дильназ Ахмадиевамен ренжіскенін айтты

11:26, 20 қараша 2024 190

Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді. Олардың арасында әнші Дильназ Ахмадиевамен қарым-қатынасына қатысты сұрақтар да болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Жазылушылардың бірі Мақпалдан: «Неліктен сіз Дильназ Ахмадиевамен ренжісіп қалдыңыз?» деп сұрады.

“Біз Дилямен ешқашан ренжіскен емеспіз. Мүлде! Өкінішке қарай, өмірде жақын адамдар түрлі себептермен бір-бірінен алыстап кетеді. Ол маған көптеген жақсылық жасады, мен әрқашан оған алғысымды білдіремін және білдіре беремін. Мен өз жолыма түскенде, ол мені қолдаған санаулы адамдардың бірі болды. Ол тек сөзбен емес, іспен де қолдау көрсетті. Оның қолдауы мені сақтап қалды. Ол – жомарт жан. Менің жүрегім әрдайым оған алаңдайды. Бірақ қазір біздің жолдарымыз екіге бөлінді. Уақытша ма, мәңгіге ме – білмеймін. Мұны өмір өзі реттейді,” – деп жауап берді Исабекова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар