Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жұғысты болсын: Жаңаөзендік ерлі-зайыпты 50 жылдық Алтын тойын ерекше атап өтті

19:36, 15 маусым 2024 1504

Жаңаөзендік ерлі-зайыпты "Алтын тойларын" ерекше атап өтті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

 Тұрдыбай Жұмағалиев пен Құралай Әлібекованы 50 жылдық мерейтойын атап өткен. Олар көлікті ерекше әсемдеп, жүзік пен шарлармен, кілем жайып безендірген. 

“Бұл күнді 9 маусымда атап өттік. Көлікті осылай безендіру кенже қыздың ойына келді, барлығын өзіміз істедік", – дейді ерлі-зайыптының қызы Нұрсұлу Жұмағалиева.

Ерлі-зайыптының алтын тойына 350-ге жуық адам келді.

Тұрдыбай Жұмағалиев 1956 жылы, Құралай Әлібекова 1954 жылы дүниеге келген. Екеуі де Қазақстанға Қарақалпақстаннан, кейін Жаңаөзенге келген.

Ерлі-зайыпты сегіз баланы өмірге әкелді, қазіргі уақытта алты бала, яғни екі қызы және төрт ұлы бар. 

Қыздарының айтуынша, ата-анасының некесін бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен түсіністік арқылы сақтап отыр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар