Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жүректер тыныштық табатын мекенге қайта келдім". Нұрсұлтан Жақсыген екінші рет шаңырақ көтеретінін мәлімдеді

17:30, 03 қыркүйек 2024 558
 

Белгілі актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыген тосын жаңалық айтып,  екінші рет шаңырақ көтеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы KYN.KZ ақпарат агенттігіне сілтеп.

Блогер жеке жаңалығы жайлы желіде жазып, неке қию рәсімі өтетін орынның нақтыланғанын жазды.

“Love story мен неке қию рәсімі өтетін мекен белгілі болды. Таптым-ау, сені. Алланың қалауымен жүректер тыныштық табатын мекенге қайта келдім. Жаңбыр жауғанда дұғалар сөзсіз қабыл болады дейді. Жүрегімдегі барлық нәрсені айтып ерекше сезімде болдым. Түрлі сынақ келсе де мойымайтын мінез, жалғызсырамайтын жүрек бергеніне шүкір дейін. Дұғамды айтып жатқанда шынайы бақытты сезіндім, жүрекпен қабылдаған шешімнің барлығы Алланың қалауы екеніне көзім жетті. Кейде бізге ұнамайтын нәрселерге сабыр етсек, артында үлкен сый жататынын осында ұғындым”, – деп жазды актер. 

Еске сала кетейік, жақында ғана Нұрсұлтан Жақсыген бірінші әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтқан болатын. Олардың екі баласы бар.

“Менің міндетім – ата-анамның разылығын алу. Әйелімнің міндеті – ерінің разылығын алу. Біліп қойыңдар. Сондықтан қайырлы болса, жақындатады, қайырсыз болса, алыстатады. Біреудің өміріне араласпаған ұзақ өмір сүреді екен. Балаларыма көмектесіп тұрамын. Ондай әке емеспін. Апта сайын көрісіп, қыдыртып тұрамын. Анам той жасау қамына кірісті. Мәслихат өткізіп жатыр. Ұрыссыз, жанжалсыз ажырастық. Жақсы жар болмасақ та, жақсы ата-ана болуға уәде бердік. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Бізге махаббат қызық мол жылдар нәсіп етсін деп дұға тілеңіздер!”, – деген еді актер. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар