Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Журналист Орманбаева продюсер Алагөзовадан оңбай жеңілді

16:50, 11 қазан 2024 394

Журналист Дана Орманбаева екінші рет продюсер Баян Алагөзовадан сотта жеңіліп қалды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Бұл дау Орманбаеваның әлеуметтік желідегі Алагөзоваға қатысты айтқан сөздеріне байланысты туған болатын.

Сотта Орманбаева бұл мәлімдемелерді тек қана «бағалау пікірім» деп түсіндірмек болған, бірақ оның дәлелдері сот тарапынан қолдау таппады.

Сөйтіп, Орманбаеваға 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл салынып, Алагөзоваға моральдық шығын ретінде 500 мың теңге төлеу міндеттелді​.

Бұл істің бастауында Орманбаеваның Instagram және басқа да әлеуметтік желілерде Алагөзоваға қатысты әртүрлі жағымсыз пікірлер жазғаны жатыр.

Орманбаева продюсерді бірнеше рет алдады деп айыптап, басқа да сын-ескертпелер айтқан. Алайда сот Алагөзованың абыройы мен іскерлік беделіне нұқсан келтірілгенін анықтап, оны қолдады​, деп жазды КазТАГ.

Орманбаева сот шешіміне наразылығын білдіріп, сот жүйесінің әділдігіне күмән келтірген болатын. Ол бұл істің тек басы ғана екенін айтып, жоғарғы инстанцияларға шағымданатынын жеткізді​.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бірінші сот ісі 2024 жылдың қыркүйек айында Бостандық аудандық сотында қаралған болатын. Сол кезде де Орманбаева Баян Алагөзованың ар-намысына нұқсан келтіргені үшін 500 мың теңге төлеуге міндеттелген еді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?