Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кәрім Мәсімов бостандыққа шығуы мүмкін

04:05, 12 сәуір 2022 273
 



Мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталған ҰҚК-ның бүрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов көптеген созылмалы аурулармен ауырады.

Бұл туралы Мәсімовтың жақтаушылары хабарлады.

Олардың айтуынша, Кәрім Мәсімовте көптеген созылмалы аурулармен, оның ішінде 2021 жылдың көктемінде анықталған ауыр созылмалы жүректің ишемиялық ауруы бар. Оның денсаулығына байланысты диагноз гуманитарлық негізде қамаудан дереу босатуды талап етеді.
«Кәрім Мәсімовтің дәрігерлері ҰҚК-ның бүрынғы төрағасы жүректің ауыр созылмалы ишемиялық ауруына, сондай-ақ өлімге қауіп төндіретін басқа да ауруларға байланысты дереу босату қажеттігін жазбаша растады. Дәрігерлер бұл мәселе бойынша толық ақпарат беруге дайын.

Барлық құжаттар тиісті тәртіпте мемлекеттік органдарға тапсырылды. Сонымен қатар, бұл мәселе бойынша халықаралық органдар мен шетел үкіметтері хабардар етілді» делінген хабарламада.

Еске салсақ, Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы қызметінен босатылып, мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Оның орнына Ермек Сағымбаев тағайындалды.

Сондай-ақ, ҰҚК басшысының орынбасарлары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылды. 13 қаңтарда Мәсімовтің де билікті күшпен басып алуға және билікті асыра пайдалануға бағытталған әрекеттерімен күдікке ілінгені белгілі болды. Садықұлов пен Ерғожиннің ұсталғаны туралы да белгілі. Кейін Мәсімов пен Садықұловты сот қамауға алып, іс «құпия» санатқа жатқызылғаны айтылды.

8 ақпанда ҰҚК «Арыстан» арнайы қызметінің директоры мен осы қызмет орталығының басшысы ұсталғаны, ал 23 ақпанда комитет басшысының тағы бір бұрынғы орынбасары Марат Өсіповтың ұсталғаны белгілі болды.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар