Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кәрім Мәсімов Назарбаевтың туған күніне дейін қамауда болады

02:18, 07 маусым 2022 168
 



Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің қамаудағы мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды.

Сондай-ақ, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұлов 6 шілдеге дейін қамауда отыр.

ҰҚК төрағасының тағы бір орынбасары Дәулет Ерғожиннің қамаудағы мерзімі 13 шілдеге дейін ұзартылды.

Айта кетейік, ҰҚК тергеу тобы Мәсімовке, Садықұловқа, Ерғожинге және басқа да тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы, 366-бабы 4-бөлігімен қарастырылған қылмыстар бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда. Қазақстанның.

Еске салсақ, 6 шілде күні — Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан күні атап өтіледі. Сонымен қатар, бұл күні Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?