Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Карина Мамаш дипломат күйеуінің Қазақстанда неше үйі барын айтты

09:37, 10 маусым 2024 901

Қоғамда "екінші Бишімбаев" атанып жүрген дипломаттың әйелі Карина Мамаш күйеуінің Қазақстанда неше үйі бар екенін айтты, - деп хабарлайды Alash.kz сайты.

Дағдарыс орталығында тұрып жатқан Карина Мамаш күйеуімен ажырасуға өтініш бергенін айтты.

"Біздің ортақ мүлкіміз бар. Бір үш бөлмелі үйіміз бар. Ол пәтерге оралсаңдар, мен саған кілтті беремін, мен саған жоламаймын, балалар үйде тұрсын деп жазды. Бірақ мен ол үйге оралсам, оның бір күні кіріп келмейтініне кепіл жоқ. Егер ол балаларының өз үйлерінде тұрғанын қаласа, ол үйді солардың атына жазып берер еді. Одан басқа тағы екі пәтер бар. Бірақ олар оның туыстарының атына жазылған. Олар да - біз некеде болған кезде сатып алынған пәтерлер. Мен келе сала ажырасуға өтініш бердім, бірақ бізді әлі ажырастырған жоқ", - деп жазды Massaget.kz Карина Мамаштың сөзін.

Еске салайық, бұған дейін "НеМолчи.kz" қорына әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғанын жазған болатын. Ол өзінің 10 жыл бойы қысым көргенін айтады. Әйелдің сөзінше, Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесін де ұрып-соққан.

Көп ұзамай Сыртқы істер министрлігі дипломат Сәкен Мамашты әмірліктерден кері шақырып жатқанын, оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатынын хабарлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар