Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Келісімдер жүргізілуде". Мамандар Шеңгелді ауылындағы 16 мың тонна пияздың қалай сатылатынын айтты

10:47, 06 сәуір 2024 358

Көкөніс шаруашылығы саласының мамандары Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылындағы пияз қорындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Қонаев қаласында (Шеңгелді массивінде) 16 мың тонна пияз сақталғанын естеріңізге саламыз.

Дәл қазір арнайы Шеңгелдіде пиязды сатуда мәселе туындады. Дегенмен, 2024 жылдың қаңтар айының басында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бұл мәселені шешудің үш нұсқасын ұсынғанын айта кеткен жөн.
• Бірінші нұсқа – көкөністің осы көлемін сатып алу туралы шетелдік компаниямен келіссөздер жүргізу.
• Екінші нұсқа – «Алтын Орда» базарында сатылатын тегін алаң ұйымдастыру.
• Үшінші нұсқа – басқа өңірлердің кәсіпкерлерін пияз сатып алуға қызықтыру.
Дегенмен, кейбір пияз өндірушілер баға көтерілгенше күтуді жөн көрді. Мәселен, 2023 жылы пияздың бағасы келісіне 200 теңге болды. Қазіргі уақытта Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының шақыруымен пияз сатып алуға шетелдік кәсіпкерлер келеді деп күтілуде. Алдын ала 5-7 тонна пиязды нарықтық келісілген бағамен сатып алу жоспарлануда.
Базарда Еуропаға экспорттау үшін 1 мың тонна пияз сатып алуға дайын екендіктерін білдірген саудагерлер де бар.
және Оңтүстік пияз және көкөніс шаруашылығы қауымдастығының ұйымдастыруымен.
«Алматы облысы Шеңгелді ауылы пияз өңдеу бойынша, облыста бірінші орында тұр. Жылдық өнімі 50-60 мың тоннаны құрайды. 2023жылғы көрсеткіш бойынша 60 мың тонна өндіріліп, оның 30 мың тоннасы күзгі маусымда сатылды, қалған 30 мың тоннасы қоймаға сақтауға берілді. Бүгінгі күні сақталған 30 мың тоннаның 20 мың тоннасы сыртқы және ішкі нарыққа сатылымға қойылды. 10 мың тонна өнім сатылымға қойылмады, себебі нарықтағы бағаның төмендеуіне байланысты келіспеу болғандықтан, өнім сатылмай қоймада сақтаулы күйде тұр. Қәзіргі таңда еліміздің ауқымды ірі сауда орындарымен баға бойынша келісімдер жүргізілуде» - деді «Алтай» фирмасы ЖШС – директоры Нұрбеков Нұрлан Асқарұлы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар