Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кемі 7 жыл: Геннадийдің жалақысы 25 млн деген журналист Нұрсейіт Жылқышыбай сотталмақ

13:01, 16 шілде 2024 585

Нұрсейіт Жылқышыбай сотталады деген сыбыс тарады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Skifnews.kz мәліметі бойынша, YouTube-арнасындағы «Уақыт көрсетеді» бағдарламада Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкиннің жалақысы туралы сұрақ қойған журналист Нұрсейіт Жылқышыбай сотқа тартылмақ.

Журналистің сөзінше, оған әлдекім белгісіз нөмірден хат жазған.

«Скринді салмай-ақ қояйын. Хат авторы өзін Ұлттық олимпиада комитетінің құқықтық қамтамасыз ету қызметінің басшысымын деп таныстырады. Ол кісінің аты-жөні жоқ па? Бұндай хат мөр мен қол қойылып жібермеуші ме еді? Әлде аты дардай үлкен комитеттің журналистермен коммуникациясының деңгейі осы ма? Бәлкім, менікі теріс. Мүмкін Ұлттық олимпиадалық комитеттің атын жамылған көшеде жүрген біреулер шығар. Шын комитеттің адамы болса атын айтып адам сияқты хабарласып ресми қағаз жіберуі тиіс қой. Мәселе мынада олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогінің иегері Бақтияр Артаев комитет басшысы Г. Головкин 20 млн аса айлық алатыны рас па деген сұрақ қойдым. Бақтияр: Ол жағын нақты білмеймін. Бірақ естуім бар осы әңгімені дейді», деп жазды ол.

Нұрсейіт Жылқышыбай өзіне келген хатта қандай заң жазылғанын ашып айтты.

«Маған жазылған хатта мына заңды алға тартады. ҚР «БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ» ТУРАЛЫ ЗАҢЫНЫҢ 19-БАБЫНА СӘЙКЕС, АЗАМАТ НЕМЕСЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒА БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНАН ОСЫ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛЫНДА ТАРАТЫЛҒАН, ШЫНДЫҚҚА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН ЖӘНЕ АР-НАМЫСЫНА, ҚАДІР-ҚАСИЕТІНЕ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛТІРЕТІН МӘЛІМЕТТЕРДІ ТЕРІСКЕ ШЫҒАРУДЫ ТАЛАП ЕТУГЕ ҚҰҚЫЛЫ. Менің түсінбегенім кешегі Елбасы мен Нұр Отанның шарапатына бөленген Головкиннің қандай ар-намысына, іскерлік беледіне нұқсан келтірдік. Бір оның жеке басын сөз қылдық па? Әлде нашар боксшы деп сынадық па? Сондай-ақ бұл сөзді (Головкиннің айлығына қатысты) далада жүрген адам емес, әкім болған, спорт саласын басқарған, өмірін спортқа арнап келе жатқан санаулы олимпиада чемпиондарының бірі айтып отыр. Маған бұл ақпаратты теріске шығар депті. Оның бір жолы сұхбат. GGG маған сұхбат берсін. Мен бәріне ашықпын. Төменде вацаптан келген хат», — дейді журналист.

Хатта комитет өкілдері Нұрсейіт Жылқышыбайдан ҚР заңдарын сақтай отырып, ресми түрде жалған ақпаратты теріске шығаруды сұраған.

2004 жылғы Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев «Уақыт көрсетеді» YouTube-арнасына берген сұхбатында Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкиннің жалақысы туралы айтты.

«Нақты білмеймін, бірақ Головкиннің ҰОК-дегі жалақысы – 20-25 миллион теңге шамасында», – деді Артаев сұхбатта.

Кейіннен Қазақстан Республикасы ҰОК бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді.

«Геннадий Головкин президенттік қызметті ерікті негізінде атқарады. Оның қызметіне ақша төленбейді. Оның мотивациясының қаражатқа да, саяси мансапқа да қатысы жоқ. Ең алдымен оның жұмысы қазақстандық спортқа қолдау көрсетуге, сондай-ақ, Қазақстан ҰОК-тің халықаралық спорттық қоғамдастық алдындағы беделін нығайтуға бағытталған», — деген мәлімдемеде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар