Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Киев шенеуніктері Украинаның кейбір жерлері Ресейге берілуі мүмкін екенін айтты

09:03, 08 қазан 2024 441

Киев шенеуніктері НАТО-ға мүше болу үшін Ресейге Украинаның кейбір аумақтарын беру мүмкіндігін талқылауда. Бұл туралы британдық Financial Times газеті жазды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы

Мақалада айтылғандай, «Киев шенеуніктері өздерінде жеткілікті жеке құрамның, әскери күштің және батыстың қолдауының болмауынан Ресей бақылауына өткен барлық аумақтарды қайтарып алуға қауқарсыз болуы мүмкін» деп алаңдаушылық білдіріп отыр.

Басылымның деректері бойынша, кулуарда Ресейдің Украина аумағының шамамен бестен бір бөлігін бақылауда ұстау туралы келісім жасасу мәселесі талқылануда.

Киев өз кезегінде қауіпсіздік кепілдігін алуға үміттеніп отыр. Мақалада бұл мәселе Украина үшін НАТО-ға кіру мүмкіндігімен де байланысты болуы мүмкін екені атап өтілген.

«Елдің басым бөлігін сақтап қалуға бағытталған ең жақсы мүмкіндік – келіссөздер арқылы шешімге келу», - делінген мақалада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?