Безбүйрек ана Анталья әуежайының дәретханасына жаңа туған сәбиін тастап, Мәскеуге ұшып кетпек болған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Сәбиді дәретхананы тазалап жүрген апай тауып алған. Полиция қызметкерлері қылмыскерді 12 минуттың ішінде тауып алды.
«Баланың анасы бақылау камералары арқылы жедел түрде анықталды. Ол Мәскеуге ұшатын рейске тіркеуден өту үшін кезекте тұрған Ресей Федерациясының азаматы болып шықты. Әуежайдың қауіпсіздік қызметкерлері дәретханадан табылған сәбидің анасын небары 12 минутта тапты. Әйелдің дәретханада туып, Ресей астанасына билеттерді рәсімдеуге асыққаны анықталды», — деп жазды басылым.