Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көліктің нарықтық бағасына 6 күнде 600 мың теңге қосылды

03:16, 04 наурыз 2022 258


2 жыл бұрынғы бағамен салыстырғанда автосалондардағы жаңа көліктер 5-6 милллион теңгеге қымбаттаса, ескі көліктер құны 2 есе өскен.








Доллардың күннен-күнге қымбаттауы Қазақстандағы көлік бағасына да кері әсерін тигізіп жатыр. Айналдырған алты күнде жаңа көліктерге 500-600 мың теңге қосылған. Жүрілген машиналардың да құны мәз емес. Бағасы 400-500 мың теңгеге шарықтап шыға келді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.



Сарапшылар осыдан 2 жыл бұрынғы нарықтың қазір күрт құбылғанын айтып отыр. Мәселен, автосалондардағы жаңа көліктердің бағасы бүгінде 5-6 милллион теңгеге қымбаттаса, ескі автомобильдер 2 есе өскен.

Көлік сатушы менеджерлер жаңа машиналардың бағасының бұлай күрт көтерілуіне, автоөндірушілердің бағаны қазіргі нарыққа қарай көтеруі себеп екенін айтып отыр. Оған қоса, доллар құнының артуы да бағаға кері әсерін тигізген.
"Бізге автокөліктер сырттан – Ресей, Жапония елдерінен келеді. Ал бұл мемлекеттерде жыл басында көлік бағасы көтерілді. Оған қоса АҚШ валютасының курсы қазір тұрақсыз болып тұр. Біз көлікті долларға сатып алатындықтан, Қазақстанда да баға өсіп жатыр", – дейді автосалонның аға менеджері Сәбит Егембаев.

Көлік құнының қымбаттауы себепті сатып алушылардың да қатары сирей бастаған.
"Ішкі нарықтағы көлік бағасының қымбаттауының бірінші себебі шетелден келетін қосалқы бөлшектердің қымбаттауы болса, екіншіден, жаңа көліктердің бағасының өсуінен екінші нарықта да баға артып жатыр. Мысалы, 12-13 миллион теңге тұратын машиналардың бағасы қазір 15 миллион теңгеге жетті", – дейді автосарапшы Хуршид Раимов.



Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар