Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Екі-үш күн өмірің қалды. Тоқаев көп ақша берді: Жүрсін Ерман денсаулығы туралы сыр шертті

10:56, 13 қараша 2024 6637

Айтыскер ақын Жүрсін Ерман денсаулығы туралы сыр шертті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл туралы ол "1001 түн" бағдарламасында айтты.

“Мені құртқан – қант. Оның қайдан келгенін кім біледі?! Қатты ауырдым. Алматыдағы беделді ауруханада емделдім. Мені қарап жүрген дәрігер аяқты кесу керегін айтты. "Бұлай жасамасақ болмайды, өліп қаласың" деді. Адамның аяғын кесу оңай ма?! Қоймай шетелге барып келемін деп шештім. Швейцарияға кетіп қалдым. Ол жақта құдам бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры. Олар мені қарап, аяқты кесудің қажеті жоқ екенін айтты”, – деп әңгімесін бастады ақын.

Отандық дәрігерлер дұрыс емдемеген.

“Швейцарияға бару оңай болған жоқ. Президентім Қасым-Жомарт Тоқаев “барып емделіп кел” деп көп ақша берді. Оны былай өзі айтпайды. Бірақ мен ішімнен білемін. Риза болып тұрмын. Солай аяғымды кестірмей, қайтып келдім. Бір күні ауруханадан екі-үш күні қалды деп шығаратын болды. Қыздарым қарап, шөптермен емдеп, аман алып қалды. Халықтың да қолдауы дем береді", – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар