Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Көрмегенім жоқ»: Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары сотта жылап жіберді

09:30, 06 наурыз 2024 493

Аса ірі көлемде пара берді деп айыпталып отырған Мақсұт Исаховқа қатысты сот отырысы басталды.

Stan.kz-тің мәліметінше, прокурор Мұхтар Арыстанов оның қомақты пара беріп, тергеуден сытылып кеткісі келгенін айтқан.

«Кездесу кезінде Исахов Сарбасовқа 200 мың долларды алдын ала келісілген жерге жеткізетінін айтады. Сөйтіп өз адамы арқылы қаладағы дүкендердің біріне 200 мың долларды пакетпен бірге тастап кетеді. Бұл қомақты қаражатты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тәркіледі», – дейді ол.

Тергеу дерегінше, Шымкент әкімдігі үлкен көшелердің біріндегі жылу құбырын ауыстыруға тендер өткізіп, оны әкім орынбасарына жағымсыз мердігер ұтып алған. Содан соң Мақсұт Исахов құрылыс компаниясынан 187 миллион теңге талап еткенге ұқсайды. Ал кәсіпкер дереу Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арызданған.

Іс насырға шапқасын Мақсұт Исахов бәрін басты-басты етуге әрекеттенген. Сол үшін комитеттің Шымкент департаменті бастығының орынбасарына 200 мың доллар бермекші болғае көрінеді. 

Алайда бұрынғы шенеунік бірде-бір айыппен келіскен жоқ.«Манат Сарбасов кездесу кезінде 500 мың доллар бермесең, бәрібір қамайды» деп қоқан-лоққы жасады» дейді.

«Сегіз айға созылған тергеу кезінде көрмегенім жоқ. Бір кісілік камерада отырасың. Ешкімді, ештеңені білмейсің. Таразының бір басында 10-15 жыл, бір жағында 6 балам, бесеуі кәмелетке толмаған, 75 жастағы кәрі анам бар. Таңдау жасаған өте қиын, ешкімнің басына мұндай сынақ бермесін. Айып етпеңіздер», – деп жылап жіберді Мақсұт Исахов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар