Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көші-қон заңнамасын бұзған 50 шетелдік елден шығарылды

10:26, 18 қазан 2024 233

Қазақстанға көші-қон заңнамасын өрескел бұзып келген Өзбекстан, Тәжікстан және Әзірбайжан азаматтары туралы болып отыр, деп хабарлайды Alash.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеп.

Полицейлер оларды "Заңсыз келуші – 2024" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады.

ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін 935 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 202 қабылдаушы тарапқа айыппұл салынды.

"Шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 48 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар Алматыда іс-шара кезінде Қазақстаннан өз бетінше кету туралы сот шешімін орындамаған 54 шетелдік ұсталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?