Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Көзім сығыр, қара торы болғаныма кінәлімін бе?": Спортшы қыз неге өз өзіне қол жұмсады?

11:17, 23 тамыз 2024 627

Алтайда самбошы қыз Ксения Чепонова өзімен командалас адамдары сырт келбетіне және ұлтына тиісе бергеннен кейін суицид жасаған. Спортшы мерт болғанын аймақтық самбо федерациясы растады, - деп хабарлайды Alash.KZ Dalanews.kz материалына сүйеніп. 

Ксенияның достарының сөзінше, оның суицид жасауына командадағы өзге қыздардың оның ұлтына қатысты жасаған қысымы себеп болуы мүмкін. 

17 жастағы самбошы өзіне қол жұмсардың алдында телеграм арнасында хат жазып кеткен. Хатта ол ұлтына тиісе бергендіктен ендігі шыдай алмайтынын айтқан. 

"Егер бұл хатты оқып отырған болсаңыздар, мен ендігі өзіме қол жұмсап, мерт болған шығармын (хатқа сағат 17.00-ге таймер қойылған). Қазір бөлмемде жатқан шығармын, ата-анама хабарлайсыздар деп үміттенемін. Менің не кінәм барын түсінбеймін. Көзім сығыр болып немесе қара торы болғаныма кінәлімін бе? Кейбір адамдар мұны әзілге айналдырғанға дейін мен өз ұлтымнан ешқашан ұялмадым", - дейді ол. 

Кейбір БАҚ беттерінде Ксенияның өзіне қол жұмсауына сүйіктісімен екіге кетуі себеп болған деген ақпарат тараған. Алайда спортшының достары олай деп санамайды. Олардың сөзінше, соңғы кездері Ксенияға жасалатын буллинг көбейіп кеткен.

Самбошының жақындары полицияға бұл істі өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу бабы бойынша тергеуді талап етті. Алайда қазіргі таңда қылмыстық іс әлі қозғалмаған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар