Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Осы кезге дейін сезінбеген “әке махаббатын” сезіндірді": Еркенің күйеуі өгей ұлына көлік сыйлады

10:40, 20 қыркүйек 2024 954

Белгілі әнші Ерке Есмаханның күйеуі Райым әйелінің бірінші некеден туған баласына автокөлік сыйлады, деп жазады Alash.KZ.

Бұл туралы Ерке өзінің желідегі парақшасында жариялады. 

"Міне, бүгін Папасы Муслимге сыйлық жасап қуантты. Көлігің құтты болсын, балам. Ақылды жігіт бол. Үмітімізді ақта. Артыңнан ерген ініңе үлгі бол", деп жазды әнші.

Одан ары күйеуі туралы толғанған әнші бүй депті:

Біз шаңырақ көтерген күннен бастап, Райм Муслимнің баскетболға құлшынысын арттыра бастады, ағылшын тілін дамыту үшін Англияда оқытты. Муслимнің тұйық мінезін ашудың жолдарын іздеді. Денсаулығына, араласатын ортасына, үйдегі тәрбиесіне қатты мән береді. Тіпті мектебіндегі ата-аналар чатында Райм отырады.

Ең бастысы, осы кезге дейін сезінбеген “әке махаббатын” сезіндірді. Кішкентайынан ата-әжесімен бірге болған бала қазір, Аллаға шүкір, “Папа мама” деп толыққанды отбасында өсуде.
Өзіме жақсы жар ғана емес, балаларыма керемет әке нәсіп еткеніне Аллаға әрқашан шүкіршілігімді аямай айтып отырамын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар