Жастар әйгілі ақын Мұхтар Шахановты театрдан өз әнімен шығарып салған видеосы тарады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Видеоны әлеуметтік желіге Qara.news порталы салды.
25-26 қазан күндері Астанада Ә. Мәмбетов атындағы театрда «Танакөз» спектаклі көрермен назарына ұсынылды.
Қойылым Мұхтар Шахановтың шығармасы желісімен сахналанды.
Премьераға Мұхтар Шахановтың өзі келген. Ақын қойылым алдында сұхбат беріп, жастармен кездесу өткізді.
Кейін театр актерлары Шахановты өзінің сөзіне жазылған “Ақ бантик” әнімен шығарып салды.