Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

LRT құрылысы жалғасатын болды

08:56, 03 қыркүйек 2022 202
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Парламентте БАҚ өкілдерімен кездескенде бас шаһарда атқарылып жатқан жұмыстарды сөз етті. Жиынға қатысып қайтқан alash.kz тілшісінің айтуынша, журналистер Нұр-Сұлтан қаласының жол-көлік қозғалысына оң әсер етуі тиіс LRT құрылысы туралы әкімнен сұрады.

«LRT жұмысы міне, қыркүйек айында басталады. Бірінші траншпен бюджеттен 20 млрд теңге бөлінді. Бірақ ол жеткіліксіз. Себебі егер тұтастай алатын болсақ, қазіргі уақытта 1 млрд долларға жуық қаражат жұмсалды. Оның өз міндеттемесі бар. Себебі Қытаймен келісімшарттарға қол қойылған. Ол жерде мемлекеттің өзінің міндеті бар. Біз келісімшартты бұзатын болсақ, онда арбитражда соттасып, біз ұтылып қаламыз» – деп жауап қатты Алтай Көлгінов.

Әкімнің мәліметі бойынша, Қытай тарабы өз міндеттемесін орындап отыр. Қаражат тоқтатылғаннан кейін жұмыс тоқтап қалды.

«Қазір біз көктемде, күзде бюджеттен 3,5 млрд теңге көлемінде банктерге проценттерімен қайтарып отырмыз. Бәрібір мемлекеттің қалтасына салмақ түседі. Сондықтан, бюджеттен бөлеміз деп шешім қабылдадық. Құрылысты аяқтау үшін қазіргі есеппен 570 млн доллар керек» деді әкім.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар