Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мадина Сәдуақасова 10 жастағы ұлына 42 млн теңгенің көлігін сыйға тартты

13:41, 09 шілде 2024 1396

Әнші Мадина Сәдуақасова 10 жастағы ұлына машина сыйлады деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталыStan.kz -ке сілтеме жасап. 

Өнер иесі жақында ұлының туған күнін атап өткен еді.

“Әнуар машинасын ауыстырды. Су жаңа 2024 жылғы екен. Ойлап қалмаңыз өзі рөлге отырады деп. Әрі-бері мектеп, баскетбол, бассейнге алып жүретін көлігін жаңарттық.

Салондағы менеджерлер Расул мен Санжарға алғысымызды айтамыз. Бәрі жоғары деңгейде болды. Нөм3рін де алдық. Құтты болсын, жаңа көлік! Туған күн жалғасып жатыр. Сіздердің де балаларыңызға жұғысты болсын!” – деп жазды әнші.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылып, оқушыға қымбат көлік алып берген отандық әншіні сынап жатыр.

“Құны 42 миллион теңге екен”, “Көлік сыйлағанша, бауыр сыйлаңыз”, “Қаншама адам аш, үйсіз отыр. Мақтанып елге көрсеткені несі?!”, “Баланы жасынан ерте желпітіп керек емес сияқты, артық қой мынау»,

«Бұл енді қателік. Баланы жақсы көрудің де орны бар. 10 жастағы балаға артық бұл сыйлық», «Бала не нәрсенің қадірін біліп, табан ет, маңдай тер деген нәрсені біліп өсу керек», «Құтты болсын. Темір тоза берсін. Ғұмыры тозбасын. Қызық қуанышқа мінсін», – деп жазды желі қолданушылары.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар