Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәжіліс депутаты Әбибаға неге көлік сыйлады?

14:23, 11 тамыз 2024 323

Мәжіліс депутаты, кәсіпкер Айдарбек Қожаназаров Париж Олимпиадасының қатысушысы дзюдо балуаны Абиба Әбужақынованы Астанада күтіп алып, ел құрметіне бөленген спортшыны құрметтеп, су жаңа көлік мінгізгені туралы өз парақшасында жазды деп хабарлайды Alash.kz.

 

Әбибаға неге көлік сыйладық?

Ең алдымен бір дүниені нақтылап жіберейін: Спортшы қызымызға берілген сыйлық - ол жанкүйерлерден, елдің атынан берілген марапат. Осыған келісіп алайық.

Қайдағы марапат дейтіндер үшін: Әбиба Олимпиадаға дейін 2022 жылы Әлем чемпионатының қола жүлдесін, 2021 және 2022 жылдардағы Азия чемпионаттарының күміс жүлдесін жеңіп алған спортшы. Демек Әбиба Абужақынова қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы әлем чемпионатының жүлдегері. Қателессем, түзетіңіз. Осы маңдай тер құрметтеуге, елеп-ескеруге тұрады деп ойлаймын.

Дұрыс, кейде адам баласына белгілі бір биікті бағындыруы үшін аштық та керек шығар. Бірақ шабыт, сенім, жігер де сондай маңызды. Ахмет Байтұрсынұлының “Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шықсын” деген сөзін ұмытпайық.

Жалпы біз қандай жанкүйерміз? Олимпиада алаңдарынан өзбек елінің азаматтарын көрген шығарсыз? Біз жеңеміз, жеңілсек те жеңдік деп тұр. Өз тілінде ала шапанымен рухын аспандатып жатыр. Біз өз спортшыларымызды дұрыс танымаймыз. Олимпиада кезінде іздейміз. Жеңген адамға ағалаймыз. Ал сол спортшы алтын не күміс, қола алғанға дейін оның қасында жоқпыз. Себебі ол қызық емес. Себебі ол тиімді емес. Себебі оның ақшасы жоқ. Себебі ол адам саған көмектесе алмайды. Солай ма?..

Орынсыз өкпелей бермей әрі қарай жұмыс істейік. Қай жерден қателестік, қарайық. Лақтырғандарды ұмытпайық. Қай тұрғыдан мықтымыз, ескерейік. Өзімізді-өзіміз көтермесек, өзімізді-өзіміз ұрлай берсек, өзімізді-өзіміз жерлей берсек - оның несі жақсы?!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар