Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Марат Қожанов ІІМ орынбасары қызметін атқарып жүрген Сенат депутатына айналды

11:01, 04 қазан 2024 229
Мемлекет басшысының жарлығы бойынша ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болған Марат Қожаев Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды, деп хабарлады  Alash.kz ұлттық порталы Ақордаға сілтеп.
 
Марат Қожаев Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
 
Орайы келгенде айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаеваның өкілеттігі тоқтатылған болатын.
 
Марат Қожаев 1989 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 2001 жылы ҚР ІІМ академиясын тәмамдаған.
 
1984 жылдан – Алматы облысы ІІБ Қаскелең ауданының ІІБ уақытша ұстау изоляторының милиционері;
 
1989 жылдан 2001 жылға дейін тергеу қызметінде, оның ішінде Алматы облысы ІІБ басшылық лауазымдарында жұмыс істеді;
 
2004 жылдан 2009 жылға дейін – Алматы қаласы ІІД бастығының орынбасары;
 
2012 жылғы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы;
 
2014 жылдың қыркүйегінен - Павлодар облысы ІІД бастығы;
 
2017 жылғы желтоқсаннан бастап – Нұр-сұлтан қаласы ПД бастығы;
 
2019 жылғы 6 сәуірден бүгінге дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.
Қызметте жеткен жетістіктері үшін 2-ші дәрежелі "Айбын" (2013) орденімен және 7 медальмен марапатталған.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар