Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Марат Жыланбаев аштық жариялауды тоқтатты

06:11, 16 ақпан 2024 294
Белгілі марафоншы, оппозициялық белсенді Марат Жыланбаев денсаулығына байланысты аштық жариялауды тоқтатты. Бұл туралы жөнінде оның адвокаты Азаттық радиосына хабарлаған.

Ал, құқыққорғаушы Айдар Сыздықов әлеуметтік желіде Степногорск қаласына барып, Жыланбаевпен кездесе алмағанын айтты. Сыздықовтың айтуынша, Жыланбаев түрмеде 6 килограмға арықтаған. Сондықтан ол денсаулығына байланысты аштық жариялауды тоқтатты.

Айта кетейік, тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясының жетекшісі Марат Жыланбаев 2023 жылдың мамырында қамауға алынды. Айыптауға Жыланбаевтың ҚДТ мүшесі делінген Жанна Сәрсенованың есепшотына 500 мың теңге аударғаны негіз болды, дейді оның жақтастары.

Ал, 2023 жылдың 29 қарашасында Астанада ҚДТ экстремистік ұйымын қаржыландыруға қатысы бар және экс-банкир Мұхтар Әблязовпен байланысы бар деп айыпталған Марат Жыланбаевқа қатысты сот үкімі шығып, әйгілі марафоншы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, қорғаушысының айтуынша, Жыланбаев соттағы соңғы сөзінде митингілерге қатыса бастаған 2016 жылдан бері саяси қуғынға ұшырағанын айтқан.

Фото: teletype.in
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар