«Ақорда» бюджеттік тұрғыдан Президент Әкімшілігі (АП) және ҚР Президентінің іс басқармасы болып бөлінеді.
Президент Әкімшілігі (АП) мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз етеді. Бұл мемлекеттік орган 2023 жылы бюджеттен 16,8 млрд теңге алған. Бұл бес жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,4 есе көп.
Ал, ҚР Президент іс басқармасы - президент жұмысын материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге жауапты. Мысалы, ол мемлекет басшысының резиденциясын, оның ұшақтары мен көліктері т.б жауап береді.
ҚР Президентінің іс басқармасы президентке жақын кез келген басқа мемлекеттік органдарға қарағанда көбірек «алады». 2023 жылы бұл органға бөлінген сома 93,5 млрд теңгені құрады. Бес жылда бөлінген қаражат көлемі – 84%-ға өскен.
«ПІБ шығындарының басым көпшілігі (үнемі емес) мемлекеттік органдарға автокөлік сатып алуға кеткен. Соңғы екі жылда бұған 13,3 млрд теңге жұмсалған. Ал, 2018-2023 жылдары ПІБ автокөліктерге 16,1 млрд теңге жұмсағанын ескерсек, бұл қаражатқа айтарлықтай ауқымды автокөлік паркін жаңартуға болады», - деп жазады басылым.
Фото: Akorda.kz