Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Марқұм 20 жаста": Қызылордада өз әйелін өлтірген күдікті ұсталды

11:43, 22 шілде 2024 754

Қызылорда облысында 25 жастағы ер адам әйелін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Alash.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

21 шілде күні таңғы сағат 6.00-де Қызылорда облысы Шиелі ауданы Майлытоғай ауылына қарасты қойшы ауылда 20 жастағы әйелдің мәйіті табылған. Марқұмның денесінде жарақаттар болған. Жергілікті полиция күдіктіге алдымен іздеу жариялап, кейін оны қолға түсіргенін хабарлады.

«Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру жүріп жатыр. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жарияланбайды», - деді облыстық полициядан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?