Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мас күйінде видеоға түсіп қалған": БҚО прокуроры қызметінен кетті

10:16, 06 қыркүйек 2024 600

Көшеде мас күйде жүріп, видеоға түсіп қалған шенді қызметінен кетті, деп хабарлайды Alash.KZ.

Батыс Қазақстан облысының табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бисқалиев түсірілген видео 12 тамызда тараған еді. Осыдан кейін оның үстінен қызметтік тергеу жүрді. Сол сәтте ол медициналық тексеруден өтіп, мас емес екені анықталған.

Дегенмен Бисқалиев өз еркімен қызметінен босатуды сұраған. Осылайша, ол 20 тамызда БҚО-ның мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қызметінен босатылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар