Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәсімов отанын қарызға батырған адам - Ислам Әбіш

11:18, 12 сәуір 2024 498

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетін басқарған Ислам Әбіш Кәрім Мәсімовтің сотталуына қатысты пікір білдірді.

«Жалпы жүйе қатты өзгерген жоқ деп ойлаймын. Мәсімовтің айналасындағы адамдар тиісті органдарда отырған секілді. Мәсімов ұсталған кезде таңғалған жоқпын. Ол туралы алдын ала білетінмін. Өзінің отанын қарызға батырған адам. Премьер-министр болып отырады, «ойбай 2030 жылы жылы сусыз қаламыз» деп улатып-шулатып, үлкен қаржы бөліп, Қазақстанды белшесінен қарызға батырады.

Мен сол кезде бұл экономикалық диверсия екенін айтқанмын. Өте үлкен сатқындық сол кезде басталған. Сондай болатынын (Мәсімов ұсталатынын) сезгенмін. Себебі Алла тағала бәрін көріп отыр», - дейді Ислам Әбіш «Білген дұрыс» YouTube арнасына берген сұхбатында.

Ислам Әбіш қазір Мәсімовтің түрмеде отырғанына күмәнданатындар барын айтады.

«Жағдайы жасалғанына (түрмеде) күмәнданбаймын. Біраз уақыттан кейін мерзімінен бұрын шығып кетуі мүмкін. Оған да күмәнданбаймын. Ақшамен немесе саяси жолмен», - дейді Ислам Әбіш.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар