Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

28 трлн: Мемлекеттік бюджеттің басым бөлігі білімге жұмсалады - сарапшы

15:50, 09 сәуір 2024 474

Мемлекет қазынасының басым көпшілігі білімге жұмсалады. Бұл туралы сарапшылар баяндады, деп хабарлайды Alash.kz  Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Экономикалық зерттеулер институтында Қазақстанның 2023 жылғы мемлекеттік бюджетінің шығыстары 2022 жылмен салыстырғанда 24% артып, 28 трлн теңгеге жеткені туралы хабарланды.

Шығындар (қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаты) 2023 жылы мемлекеттік бюджеттің барлық шығыстарының 95,7% құрайды. Ол шығындар 24,3% өскен.

– Шығындар ішінде ең көп үлес білімге – 21,7%, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға – 19,7%, ең аз үлес өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне – 0,4%, отын-энергетика кешеніне және жер қойнауын пайдалануға – 1,3% тиесілі, - деп хабарлады сарапшылар.

Бюджеттік кредиттер (бюджеттен қайтарымды, мерзімді және ақылы негізде бөлінетін ақша) 2023 жылы мемлекеттік бюджеттің барлық шығыстарының 2,5% құрайды.

– Қаржы активтерін сатып алу (заңды тұлғалардың, оның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестері мен бағалы қағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алуға бағытталатын бюджет қаражаты) 2023 жылы мемлекеттік бюджеттің барлық шығыстарының 1,8% алады. Олар 2022 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге артып, 503,4 млрд теңгеге жетті, - делінген басылымда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар