Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маскадағы жігіт жертөледе тұратын отбасыға баспана сыйлады

13:44, 19 мамыр 2024 1100

"Человек в маске" аккаунтымен танылған қайырымды жігіт тағы бір жертөледе тұратын отбасыға баспана сыйлады, деп хабарлайды Alash.kz.

Сіңілісі эпилепсиямен ауыратын 12 жастағы Кәусәр отбасының қазіргі жағдайы туралы баяндады.

«Жертөледе тұрамыз. Көп қиындық болады. Ішімдік ішкен адамдар кіріп кетеді. Құбыр атылып кетеді. Тарақандар бар. Анама қалай қиын екенін түсінемін. Алайда қолымнан ештеңе келмейді. Анам намаз оқып, Алладан көмек сұрайды», - дейді Кәусар.

Бетперде киген жігіт оған баспананың кілтін табыс етті.

«Сіздер жаңа пәтердің иесі атандыңыздар», - деді қайырымды жігіт.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар